Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте өрт тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Шымкентте өрт тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Шымкент қаласында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «Жасыл белдеу» базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Мақсаты орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау. Жалпы жаз және күз мезгілдерінде өрттің қаупі жоғары. Көп жағдайда жалын егін қалдықтары, қураған шөп және тұрмыстық қоқыстардың тұтануынан басталады. Сәйкесінше өрт тез таралады. Сондықтан тілсіз жау кезінде Азаматтық қорғау қызметтерінің бірлесіп іс-әрекет ету жылдамдығы мен кәсібилігі өте маңызды. Жаттығуда тілсіз жау кезіндегі дайындық барысы тексерілді.

Аталған іс-шараға төтенше жағдайларды жою жетекшісі Айдын Кәрімов пен Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев қатысты. Қорытындыға сәйкес, азаматтық қорғау қызметтерінің өрт қауіпті кезеңге дайындығы бойынша тыңдалым өтті. А.Кәрімов азаматтық қорғау қызметтері бойынша тиісті тапсырмалар берді. Айта кетейік, өрт — тактикалық оқу-жаттығуына азаматтық қорғау қызметінен жалпы 297 адам және 79 бірлік техника қатысты.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико — химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану; 2. Пештің ақаулығы; 3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.

Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллоны газдың шығып жатқанын, тек сабын көпіршіктері арқылы тексеруге болады. Газдың иісін ауадан сезген уақытта сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқа да электр қондырғыларын іске қосуға болмайды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*