Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте «Құқықтық тәртіп» жедел-профлактикалық іс шарасы өткізілуде

Шымкентте «Құқықтық тәртіп» жедел-профлактикалық іс шарасы өткізілуде

Шымкент қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профлактикалық іс шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтауды қадағалау.
Мегаполистегі жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Шара барысында тәртіп сақшылары қоғам тыныштығын күзетіп ғана қоймай, түрлі деңгейдегі қылмыстарды болдырмауға жұмыла жұмыс жасайды. Жекелеген қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық тәртіптің сақталуын қатаң қадағалайды.
Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.
Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізілетін рейдтік шарада облыс халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі.
«Ел тұрғындары мен қонақтары өзін қала мен ауылда бірдей жайлы сезінуі үшін көше қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз», – делінген құжатта.
«Қауіпсіз қоғам» қоғамдық науқаны – азаматтық қоғамның, саяси құрылымдардың және құқық қорғау органдарының «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес, жаңа құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы әріптестігінің жарқын көрінісі.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*