Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » АНАҒА ҚҰРМЕТ — БӘРІНЕ МІНДЕТ

АНАҒА ҚҰРМЕТ — БӘРІНЕ МІНДЕТ

12 мамырда “Аналар күні” мерекесі тойлануда. Мерекеге орай, Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде Аналар күні мен “Халықаралық отбасы күніне” арналған “Анаға тағзым” тақырыбында форум өтуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады. Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі» деп атап өткен болатын.
Қазақстандықтардың өмірінде отбасы ерекше орын алады. Мықты және бақытты отбасы – бүкіл қоғамымыздың, бүкіл мемлекетіміздің табысты дамуы мен өркендеуінің негізі.
Отбасының басты қызметі — балаларға өмір сыйлау, оларға бақытты балалық шақ, лайықты білім беру және одан әрі тәуелсіз өмір сүру үшін берік негіз құру, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделі әлемінде өмір сүруге көмектесу. Сондықтан отбасының берік және тату болуы өте маңызды. Ол бала тәрбиесіне ерекше назар аударды. Әрбір қазақстандық отбасының басты функцияларының бірі жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. «Отан — қуат, отбасы – жылу» екенін білетін халқымыз бейбітшілік пен отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қояды.
Форум аясында стрессте жүрген аналарға қолдау көрсетіп, психологиялық кеңес көрсету жоспарланған.
“Даналық” мектебі негізінде құрылған “Аналар”, “Әжелер”, “Қыздар”, “Жеңгелер” клубтары да бүгінгі жиынға белсенді атсалысуда.
Жалпы, 150 ге жуық оқушылар мен 20 ата-ана бұл іс-шараға қатысқан. Алдағы уақытта жиі ұйымдастырамыз дейді мектеп ұжымы.
Бұл күнді мерекелеу отбасылық құндылықтарды нығайтуға негізделген. Қоғамда отбасы – әрқашан рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, жанұя жылулығын сөндірмей, керегесін кең ұстап, тарих толқынымен келе жатқан киелі бақ мекен. Мереке күні әр шаңырақ шаттыққа, бақыт пен сәби күлкісіне толы болсын! Әр әулеттің мерейі үстем болып, тамыры тереңге жайыла берсін деп тілек білдіреміз!

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*