Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » «ШАМСИНУР» ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

«ШАМСИНУР» ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Шымкент Саз колледжінің «Шамсинур» халық би ансамблінің есептік концерті Жастар ресурстық орталығында өтті.
Еліміздегі ең көне музыкалық оқу орындарының бірі- Шымкент саз колледжінде 20 жыл бұрын, 2003 жылы жаңа «хореографиялық өнер» бөлімі ашылып, «Шамсинур» халық би ансамблі құрылған болатын. «Шамсинур» — араб тілінен аударғанда «Шамси»- күн, «нұр» – сәуле деген мағына білдіреді.
Ұжымның жарқын энергетикасы өз жұмысында әр түрлі халықтардың би мәдениеттерінің этно-фольклорлық дәстүрлерін, халықтық-сахналық билерді қоюда, сондай-ақ классикалық нөмірлер мен заманауи хореографияны үйлесімді үйлестіреді. «Шамсинур» би ансамблінің көркемдік жетекшісі-Лачук Н.А. «Мәдениет саласының үздігі», сонымен қатар, «Хореографиялық өнер» бөлімінде қаладағы және облыстағы танымал хореографтар жастарға білім беріп, қызмет етеді: Тлеубаев С.Ш. — философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мәдениет қайраткері; ҚР Білім беру ісінің үздігі; Мұсалиева.О.Н.; Исаева. М. Ж.; Мырзаев.С. А.; Дейна Л.С.; Қорғанбаева.Г.К. — ҚР мәдениет майталмандары.
Түлектердің шығармашылық және білім деңгейінің өсуінің дәлелі болып, олардың қызметіне деген үлкен сұранысы болып табылады. Соңғы 20 жылда «Хореографиялық өнер» бөлімін көптеген талантты студенттері бітірді. Түлектердің көпшілігі жоғары оқу орындарына түсіп, оқуын жалғастырады. Ал Қазақстанның танымал би ұжымдарының шақыруымен біздің түлектер «Қазына» этно-фольклорлық би ансамблі (Шымкент қаласы), Мемлекеттік филармонияның «Ясы» би ансамблі (Шымкент қаласы), мемлекеттік филармонияның «Фараб» би тетрасы (Шымкент қаласы), қалалық «опера және балет театры» және басқа да би ұжымдарында жұмыс істейді.

«Шамсинур» ансамблі өзінің шығармашылығымен Шымкент қаласында ғана емес, Қазақстанның басқа да облыстарында танымал. Бөлім оқытушылары мен оқушылары қалада, облыста және республикада өткізілетін барлық қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*