Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының Мектеп парламенттері көшбасшыларының ІІІ слеті өтті.
Слеттің мақсаты: азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдарын – мектеп парламенттерін дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру.
Слеттің жұмысы пленарлық отырыс және фракциялар мен министрліктердің жылдық жұмысы негізінде ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №99 мектеп-гимназиясының оқушысы 6 сынып оқушысы Сұлтан Нұрислам Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы Бостандық ауданында «Bostanliq cup» және А.Абдухаликовты еске алуға арналған халықаралық турниріне қатысып, ІІІ орын иегері атанды.
Сұлтан Нұрисламның жетістіктерін атап өтсек:
«LION» клубының дзюдо бойынша жарыстарға қатысқаны үшін І орын
2023 – 2024 жылдары ұлдар арасындағы ашық турнирдің жеңімпазы.
Білім басқармасының ұжымы Сұлтан Нұрисламға және жетекшісіне өз алғысын білдіреді.
Айта кететін, наурыз айында Шымкент қаласының әкімі жиһаз жасаушылармен, жалпы, «Жайлы мектеп» жобасына қатысушылармен кездескені белгілі. Сонда ұлттық жобаға жергілікті кәсіпкерлерді, жиһаз компанияларын жұмылдыру бойынша тапсырма берілді. Ең басты талап – жиһаз жасаушылардың СT-KZ немесе индустриалды сертификаты болуы керек. Бүгінгі таңда 12 мектепті салатын бас мердігерлермен 5 жиһаз компаниясы келісімшартқа тұрған. Тағы бір бас мердігердің өз жиһаз цехы бар. Біздің мақсатымыз – қалған компанияларды да осы жоба аясында жұмылдыру.
Жайлы мектептерді» жиһаз және оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» №70 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылатыны баршаңызға белгілі. Ол талаптар барлық қатысушыларға берілген. Қала әкімінің қазіргі таңдағы ұстанымы – шымкенттік жиһаз компанияларының осы жобаға қатыстыру. Ал басты талап – жиһаздардың сапасы болып қала береді.