Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкенттік есірткімен күресушілер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды

Шымкенттік есірткімен күресушілер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды

Полицейлер ұйымдастырған жиынға 800-ден астам студент қатысты. Маңызы мол кездесу Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында өтті.
Іс-шараның мақсаты жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткімен байланысты қылмыстар үшін заңмен қарастырылған жауапкершілікті түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Нашақорлық – қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі болса, есірткі заттарын сату – ең қауіпті қылмыстардың бірі. Қазір бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын бұл затқа, әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызуда.
Кездесу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жиналғандарға толыққанды ақпараттар беріп, жаман әдеттерден аулақ болуға, бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырды. Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы бейнероликтер және кинологиялық қызмет орталығының қызметтік іздестіру иттерінің мүмкіндіктері көрсетілді.
Есірткіні таратудың алдын алу бойынша білім беру және жастар бос уақытын өткізетін орындарда, интернет кеңістігінде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Интернеттегі мониторинг жұмыстарының нәтижесінде синтетикалық есірткі таратуы мүмкін 48 ақпараттық сайт анықталып, Ішкі істер министрлігінің «Киберқадағалау» бағдарламасына сараптамаға жолданып, бұғатталды.
Шара соңында жастар құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты өздерінің ой-пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды.
Өз мемлекетіңді, нашақарлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*