Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкенттегі Құрсай елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды

Шымкенттегі Құрсай елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды

Бүгін Шымкент қаласындағы Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлының төрағалығымен Құрсай елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Тұран ауданының прокуроры Ж.Әділбайұлы, Тұран ауданының Полиция басқармасының басшысы Н.Тілеуов, сондай-ақ, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, ауыл шаруашылығы және ветеренария, Тұран ауданы Төтенше жағдайлары басқармасы және өзге де басқарма өкілдері қатысты.

Кездесуде Құрсай елді мекенінің инфрақұрылымдық дамуы бойынша 2024 жылы атқарылатын жұмыс жоспары нақтыланды. Қазіргі уақытта Құрсай елді мекені тұрғындарының өзекті мәселесі – ауыз су. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан ауыз суды қосу жұмыстары бақылауға алынған. Мамыр айының соңына дейін ауыз су мәселесі шешімін табатын болады.

Аталған елді мекендегі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан ауыз суды қосу жұмыстары басты назарда.

Сонымен қатар, елді мекен тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныстар мен арыз-шағымдар талқыланып, жауапты басқарма өкілдерімен бірлесе түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, биыл Құрсай елді мекенінде Ұзынағаш, Алтынғасыр, Жарқайың, Таңатар, Қосқорған, Күмісті көл, Киіктау, Жылы сай көшесінен Бекболатов көшесімен жалғасы, Ақбата өткелі, Сарыбел көшесі №1,2,3,4, Зайсан көшесінің жалғасы асфальтталатын болады. Сонымен қатар, барлығы 16 көшеге ирригация жүйесі орнатылады. Олар: Ащысай, Күмістікөл, Сатқанбайұлы, Мамешов, Қосарал, Қайнарлы, Қостерек, Егіндікөл, Алтынасар, Алтынды, Таңатар, Ұзынағаш, Жылысай, Сарытау, Ақтекше, Ақойман көшелері. Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекенінде бүгінде 20 мыңға жуық халық бар. Аталған елді мекенді сапалы инфрақұрылыммен қамту — басты міндеттердің бірі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*