Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ДАМУ ДИНАМИКАСЫНДА ӨСІМ БАР

ШЫМКЕНТ: ДАМУ ДИНАМИКАСЫНДА ӨСІМ БАР

Мегаполистің 2024 жылғы қаңтар – сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің динамикасында оң өзгерістер байқалуда. Инвестиция көлемі 145,8 млрд теңгені құрап, 3,5 пайызға артты. Мемлекеттік инвестиция көлемі 21,6 млрд. теңге болса, жеке инвестиция көлемі 124,2 млрд. теңгені құрап отыр.
Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 39,8 млрд теңгені құрап, 38,7 пайызға ұлғайған. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 243,8 мың шаршы метр немесе 117,7 пайызды құрады. Оның ішінде халық есебінен жеке тұрғын үй – 94,6 мың шаршы метр. Ал жалпы сауда көлемі 608,0 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 11,0 пайызға артты.
Еске сала кетсек, қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Қытайдың «Beijing Hongfu Group» өнеркәсіптік холдингінің өкілдерімен кездескен болатын. Кездесу барысында Қытайдан келген инвесторлар қаламызда қайталама мұнай өнімдерін терең өңдеу арқылы каталитикалық крекинг қондырғысы бар ине кокс өндіретін жоғары технологиялық зауыт салуға ниет білдірді. Ұсынылып отырған тікелей инвестицияның жалпы көлемі шамамен 200 миллион АҚШ долларын құрайды. Айта кетерлігі, инвестициялық жобаны жүзеге асыру 200 жаңа жұмыс орнын ашуға және қаланың түлектерін тиісті саласы бойынша жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жоба өңірдегі мұнай-химия өнімдерін терең өңдеудің өнеркәсіптік құрылымын жақсартуға бағытталып отыр. Кездесу барысында қала әкімі қытайлық компанияға Шымкент қаласына ықылас танытқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, бірлескен жобаны жүзеге асыру барысында әкімшілік тараптан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Шахардағы құрылыс жұмыстарының көлемі 39,8 млрд теңгені құрап, 38,7 пайызға ұлғайған. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 243,8 мың шаршы метр немесе 117,7 пайызды құрады. Оның ішінде халық есебінен жеке тұрғын үй – 94,6 мың шаршы метр. Ал жалпы сауда көлемі 608,0 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 11,0 пайызға артты.
Құрылыс басқармасы тарапынан биыл 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 2 үй, Бозарық елдімекенінде 38 үй, Ақжайық шағынауданында 33 үй салынады.
Тұрандағы үйлер мен Бозарықтағы 2 үйдегі арендалық пәтерлер ретінде, ал Бозарықтағы 36 үй мен Ақжайықтағы 33 үй кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
Биылғы жылы 73 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метрді құрайтын 66 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 2 670 пәтер баспанаға мұқтаж тұрғындарға табысталады. Ал, 31,3 мың шаршы метр құрайтын 260 пәтерлі Ақжайық шағынауданындағы 7 тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*