Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » БАСКЕТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

БАСКЕТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 86 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының парламент мәжіліс депутаты Нұрлан Ауесбаев атындағы баскетболдан мектепте жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және баскетбол ойынын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында 2011-2012 жылы туылған қыздар арасында турнир өтті.
Турнирдің тартысын Қазақстан Республикасы Парламент мәжіліс депутаттары Нұрлан Ауесбаев, Гүлдара Нұрымова Данияр Қасқарауов, Ерболат Сатыбалдин, Данабек Исабеков, Наурыз Сайлаубай және Қазақстан Республикасы аналар қоғамдық қоры бірлестігінің кеңесшісі, Бақытжан Айнасқызы тамашалады.
Жарыста №21 Чехов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы, №86 жалпы орта білім беретін мектеп, №89 ІТ мектеп-лицейінің баскетболдан қыздар командаларының арасында қызу бәсекелес ойын болды.
Нәтижесінде №86 жалпы орта білім беретін мектебінің қыздар командасы бірінші орынды иеленсе, ІІ орынды №50 А. Байтұрсынов атындағы мектеп –гимназиясының қыздар командасы жеңіске жетті. Ал, ІІІ орынды №89 IT мектеп –лицейінің қыздары лайық деп танылды.
Оқушы қыздар арасындағы баскетболдан жарысты 18 олимпиадалық резерв мамандандырылған спорт мектебінің директоры Серік Карибай, мәдениет салаларының үздіктері Хахмедин Бегимбетов, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Пердебек Дүрментаев, ҚББ спорт бөлімінің басшысы Нартай Күзенбаевтар да қызықтап, тартысты ойындардың куәсі болды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс істейді. Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамыған.
2024 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866,0 млн. теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 109 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, спорттың 17 түрінен 195 секцияда 12 024 бала спортпен айналысуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*