Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САЛА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ БАЯНДАМАСЫН ТЫҢДАДЫ

САЛА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ БАЯНДАМАСЫН ТЫҢДАДЫ

✅ Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті аппараттық мәжілісте салық түсімдерінің орындалуы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша сала жетекшілерінің баяндамасын тыңдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека, люди учатся и костюм
Көтерілген мәселелерге қатысты бірқатар тапсырманы айқындап, жауаптыларды бекітті.
✅ Қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жеңіс Төлепбергенов Түркістан қаласында тіркелген 193 Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі зерделенгенін, нәтижесінде басқа өңірге қоныс аударған, қызметін тоқтатқан ұйымдар анықталғанын баяндады. Бұл өз кезегінде Ұлттық дерекқорға есеп тапсыру барысында қиындық туғызатынын жеткізді.
✅ Нұрбол Әбдісаттарұлы бөлім басшысына қалалық кірістер және қалалық полиция басқармасымен тығыз байланыста жұмыс атқару, белсенді ұйымдармен жұмысты жүйелеу қажеттігін атап өтті.
Возможно, это изображение 3 человека, люди учатся и костюм
✅ Қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Мұратовтың мәлімдеуінше, 18-25 мамыр аралығында қала аумағында ортақ пайдалану орындарын ластау (ӘҚБтК 434-2 бабы) дерегімен 133, абаттандыру қағидатын бұзу (ӘҚБтК 505-бабы) дерегімен 48, Жол жабындысын бүлдіру (ӘҚБтК 630-бабы) дерегімен 16 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған.
✅ Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов жыл басынан бері «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы аясында 225 кәсіпкерге қолдау көрсетілгенін айтып, бағыттарына тоқталды. Атап айтсақ, 134 кәсіпкерге құжаттандыру заңдылығы бойынша кеңес берілген, жұмысын жаңадан бастаған 81 кәсіпкерлік нысан сүйемелденіп, заң талаптарына сай жұмыс атқаруда.
Возможно, это изображение 4 человека и люди учатся
✅ Сонымен қатар, қаламызға, индустриалды аймаққа және арнайы экономикалық аймаққа инвесторлар тарту мәселесіне тоқталып, ұсынылған жобалармен таныстырды.
✅ Аппараттық мәжілісте тапсырмалардың орындалуы бойынша жауапты бөлім басшыларының есебі тыңдалып, нәтижесінде тапсырма-жоспар жаңартылып қайта бекітілді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*