Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНА ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНА ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қаламызда көлік ағыны ең көп көшелердің бірі Қонаев даңғылының Рысқұлов көшесі мен Түркістан көшесі аралығындағы аумағы орташа жөндеуден өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2007 жылы салынған жолдың асфальт жабындысы биыл ауыстырылып отыр. Жолда шұңқырлар пайда болуына байланысты тұрғындардан арыз-шағымдар түскен болатын. Қазір ескі асфальт жабындысы толық алынып, жаңа екі қабатты асфальтті бетон төселді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 4 жолақ сызылды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*