«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Бадам өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарына Тұран ауданының тұрғындары мен коммуналдық сала қызметкерлері, эко-белсенді жастар қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бадам өзені аумағын тазалауға 150-ден астам адам, 15-ке жуық техника жұмылдырылды.
© Jetpisbai.kz