Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Сейтжанов Жансұлтан Әділжанұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға ауыл округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары, тиісті сала мамандары қатысты.
Күн тәртібінде аудандық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 4-айдағы орындалуы, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шомылу маусымының басталуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы мәселелер талқыланды.
Мәжілісте аталған мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай, аудандық білім бөлімінің бас маманы Бақыт Бекмұрат және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мейрамхан Кемелханов баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді атап өтті.
Жиын барысында Жансұлтан Әділжанұлы күн тәртібінде көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, сала басшыларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы жүргізілуін және мерзімінде орындалуын тапсырды.
© Jetpisbai.kz