Түркістан облысы полиция департаменті Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы-өмір аясы» тақырыбыгда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында форум өтті, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Форум отбасындағы зорлықтың құрбандарына психикалық, заңгерлік және әлеуметтік қолдау көрсету, агресорлармен профилактикалық жұмыстар жүргізуден бөлек, оларды учаскелік полиция пунктерінің жанынан құрылған қоғамдық қауымдастықтарда қарап, тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануды мақсат етті.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев, аудан прокуроры Ж.Ахмедбек, аудандық полиция бөлімінің бастығы Е.Бейсебаев және өнер майталмандарымен зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.
Бүгінгі таңда Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі иснпекторлары, Сарыағаш ауданы әкімдігі жанынан құрылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері, «Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу орталығы» мамандары, «Жастар ресурстық орталығы» психологтары мен біргелікте қорғау есебіне алынған азаматшалардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша аралау жұмыстары жүргізіліп, оларға әлеуметтік және психологиялық көмектер көрсетілгендігін полиция полковнигі Е.Бейсбаев өз сөзінде айтып өтті.
Форумда «Отбасы – өмір аясы» атты шара Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің бастамасымен жүзеге асырылып жатқандығы айтылып, «Ел болам десең – бесігіңді түзе» дегендей, мемлекетіміздің ертеңі болатын өскелең жастардың бақытты және білімді отбасында тәрбиеленуі үшін жұмыла ат салысуға шақырамыз – деп қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.
Мемлекет басшысы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Аталған өзгерістер Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстерінде көрініс тапты. Жеке құрам қызмкеткерлеріне ензігілген өзгерістер толықтай түсіндіріліп, тәжірибеде қолданылуы пысықталды. Өзектілерін атап өтсек, ол кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша татуласуға жол бермеуі. Сонымен қатар, «кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар» деген жаңа ұғымның пайда болуы және сәйкесінше жаңа баптардың енгізілуі жеткізілді.
Айта кететін, Президент 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.
Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және балалар құқықтары жөніндегі уәкілі қатысқан болатын.
Ақорданың Telegram арнасы «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» заңының кейбір баптарын былайша түсіндіріп өтті:
— «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды;
— неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған;
— отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беругеміндетті болады;
— тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді;
— өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді;
— 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды;
— кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді;
-білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті;
— 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды» делінген хабарламада.