Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Қылмыстың алдын алу жұмыстары жалғасын табуда

Қылмыстың алдын алу жұмыстары жалғасын табуда

Полиция үшін тұрғындардың қауіпсіздігі маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысында елде насыбай ататындарға қатысты алаңдаушылық білдіріп, оның денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екенін атап өтті.
Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігімен рейд жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Мәселен Түркістан облысында 10 күн ішінде насыбай сатқан 202 адам анықталып, тыйым салынған тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша хаттама толтырылды.
Сонымен қатар полициямен жалпы 100 келіден астам насыбай тәркіленіп алынды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысының полициясымен насыбайдан бөлек адам денсаулығына зиянды қорқор, электронды темекі бойынша рейд жалғасуда.
Сонымен бірге, Түркістан облысы аумағында құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Дүкенге ұрлыққа түскен жігітті полиция қамауға алды. Жетісай ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкен ұрлығына қатысы бар жас жігітті қолға түсірді.
Белгілі болғандай, күдікті жігіт таңғы уақытта терезені ашу арқылы азық-түлік дүкеніне кіріп, темекі, алкогольді ішімдіктер мен азық-түліктерді алып жатқан жерінен ұсталған. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оның тағы бір ұрлыққа қатыстылығын анықтады.
Қазіргі таңда күдікті жігіт қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция скутер мінген жігіттен «мефедронның» 200-ден астам дозасын тәркіледі. Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру шаралары барысында, «синтетикалық есірткі» қойып кетуші Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.
Жедел уәкілдер скутер мінген жігітті тексеру кезінде, Шымкент қаласы тұрғынының сөмкесі мен қалтасынан 130-дан астам «синтетикалық есірткі» салынған ораманы тапты.
Ал үйін тінту кезінде «синтетикаға», сондай-ақ гашиш пен марихуанаға ұқсас ұнтақ заты бар 8 ораманы тәркіледі. Полиция қызметкерлері тәркілеп алған «синтетикалық есірткі» мефедронның 200 дозасын құрайды.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.

Бұзақылық жәйті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сарыағаш ауданында бұзақылық жәйті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды, олардың барлығы полицияға жеткізілді, тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
Бүгінгі таңда жанжалдың шығу себептері анықталуда. Жәбірленуші анасымен бірге тұрады, ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер де сол ауылдың тұрғындары, 7-нші және 9-ыншы сынып оқушылары.
Жанжалға қатысушылардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.
Ал оқу орындары басшылығы мен ұстаздардың жауапкершілігі әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысында қаралады.
Іс Департамент бастығының бақылауында.

Полиция көлік жүргізушісінен 1 келіден астам есірткі тапты. Кентау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында, көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полицей қызмет атқару кезінде тоқтатылған «Ауди-А6» маркалы автокөлігінің алдыңғы орындығынан есірткіге ұқсас зат салынған күмәнді пакетті анықтайды. Бірден жедел-тергеу тобын шақырып, тиісті тінту шаралары жүргізілді.
Тәртіп сақшылары тінту барысында, көліктен 20 дана полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті, өткір иісті есірткіге ұқсас затты анықтады. Одан әрі күдікті жүргізушінің тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде, сарайдың ішінен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді.
Тағайындалған сараптама ұсынылған өсімдіктің жалпы салмағы 1 келіден астам «кептірілген марихуана» екенін растады.
Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары атқарылуда. Күдікке ілінген жүргізуші, яғни орта жастағы жұмыссыз кентаулық ер адам қамауға алынды.

Полиция шетелдіктерге шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескен адамдар тобын ұстады. Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетелдіктерге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты.
Жедел уәкілдер заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен 9 күдіктіні ұстады, оның 2-еуі әйел, 7-еуі ер адам. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалғандары жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ полицияға Өзбекстанның 6 азаматы жеткізілді.
Осылайша полицейлер тінту іс-шараларын жүргізіп, құжаттар мен 6 шетелдік паспорт,«Сайга» аңшы мылтығы патрондарымен, 2 дана есірткі заты бар орама, 16 ұялы телефон, жарты миллион теңгеге жуық қаражат, 250 мың өзбек сумы және өзге де заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.

Түркістан облысының полицейлері саябақта адасып жүрген бүлдіршінді анасымен қауыштырды. Түркістан облысының патрульдік полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде «Жеңіс» саябағы ішінде жалғыз жылап жүрген бүлдіршін баланы байқайды.
Мән-жайды анықтау үшін полицейлер 4 жастағы балақайдың жанына барып ата-анасы мен мекенжайын сұрайды. Алайда тілі толық шықпаған бүлдіршіннен нақты жауап ала алмайды. Содан тәртіп сақшылары адасқан баланың ата-анасын іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері баланың ата-анасын жедел түрде тауып, дін аман табыстады.
Белгілі болғандай, кішкентай бүлдіршін үлкен ағасының үйден шыққанын көріп, артынан ілескен.
«Үлкен ұлым үйден шыққанда ашық тұрған есіктен көшеге шығып кетіпті. Даусы шықпай, үй маңайынан көрінбеген соң іздей бастадым. Шарасыз күйде тұрғанымда полиция қызметкерлері хабарласып, баламды адасып жүрген жерінен тауып алағанын айтты. Полиция қызметкерлеріне мың алғыс айтамын»- деді балақайдың анасы.
Полиция қызметкерлері бүлдіршіннің анасымен профилактикалық жұмыстарды жүргізді.

Бұзақылыққа күдікті жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды. Естеріңізге сала кетейік, полиция Сарыағаш ауданындағы құрдастары тарапынан кәмелетке толмағанға қатысты бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
Сонымен қатар бұзақылыққа күдікті жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылып, материалдар сотқа жіберілді.
Бұдан басқа аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия күдікті яғни кәмелетке толмаған баланы Абай облысында ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатқа жіберу туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ Түркістан облысының білім басқармасына кешенді тексеру жүргізу үшін ұсыныс хат дайындалуда.
Полицейлер заңды сақтау мен заңсыз әрекеттер жасамауды, ал ата-аналарға жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығы мен жауапкершілігін ұмытпау керектігін ескертеді.

Көпбалалы ана полиция қызметкерлерінің кәсібилігіне алғысын айтты. Жергілікті тұрғын яғни көпбалалы ана Жетісай ауданы полиция бөлімінің анықтаушысы Ержан Әбеновке қылмысты анықтау барысында көрсеткен белсенділігі үшін алғысын білдірді.
«Мен жақында алаяқтың құрбаны болдым. Көпбалалы аналарға көмек ретінде беріліп жатқан үйді алып беремін деп сеніміме кіріп, алаяқтық жолмен қомақты қаражатымды алдап алып кетті. Кейін өзімнің алданып қалғанымды біліп, дереу полицияға арыздандым.
Арызымды қараған анықтаушы Е.Әбенов қылмыскерді дер кезінде анықтап, істі сотқа жолдап, заң аясында қаражатымды қайтаруға үлкен көмегін көрсетті. Осындай іскер, өз жұмысына жауапкершілікпен қараған полиция қызметкеріне алғысымды білдіремін»-деді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*