Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Түркістан: Бас полицей халыққа онлайн режимде есеп берді

Түркістан: Бас полицей халыққа онлайн режимде есеп берді

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов 2023 жылды қорытындылап, халыққа онлайн режимде есеп берді. Бұл жиын Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы мен генералдың жеке парақшасында тікелей эфир арқылы өткізілді. Есеп беруге департамент басшылығы мен 17 қала, аудандық полиция бөліністерінің басшылары бейнеселекторлық режимде қатысты, деп жазады облыстық Пполиция депаартаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Себебі бүгінгі таңда халыққа онлайн режимде есеп беру қол жетімділік, ыңғайлылық пен ашықтықтың көрінісі. Департамент бастығы желі қолданушыларына полициямен атқарылып жатқан жұмыстардың бір сыпырасын бейнеролик, ал қалғанын баяндама арқылы жеткізді.
Мұрат Қабденов облыс аумағындағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша сөз қозғады. Өңірде криминогендік ахуалдың тұрақты және республикада қылмысы ең аз облыс қатарында екенін айтып, жұртшылыққа жүргізілген жұмыстардың статистикалық есебін ұсынды.
Мәселен, облыста тіркелген қылмыстар саны 2022 жылмен салыстырғанда 8,9%-ға төмендеген. Ал қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 37,4%-ға азайған. Атқарылған жұмыстардын нәтижесінде, пәтер ұрлығын жасаған — 15, алаяқтық қылмыстарын жасаған — 25, мал ұрлаған — 27 қылмыстық топ ұсталған. Есептік мерзімде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 572 дерек анықталып, заңсыз айналымнан 1 тонна 330 килограммнан аса есірткі заттары тәркіленген.
Өз кезегінде тұрғындар тікелей эфир арқылы 100-ге жуық сұрақтарын қойды, оның ішінде басым көпшілігі облыс жолдарындағы бейнебақылау камералары, қылмыстық істердің тергелуі, құжат рәсімдеу, қызметке қайта орналасу, сондай-ақ профилактика бойынша. Тіпті бір тұрғын бірнеше сауалын жазып, оған генералмен бірге тиісті құрылым басшылары да жауап қатып, толыққанды мағлұмат берілді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*