Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Түркістан полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде

Түркістан полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде

Түркістан облысының полицейлері облыс көлемінде қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Облыс полицейлері үшін тұрғындардың қауіпсіздігі, тыныштығы басты назарда.

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан марихуана мен психотроптық заттар тәркіледі. Түлкібас ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, есірткі заттарын сақтағаны және өткізгені үшін 32 жаста жергілік тұрғынды ұстады.
Жедел уәкілдер оның тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде, ішінде марихуана мен «мефедронға» ұқсас психотроптық заты бар 19 ораманы тәркіледі. Сондай-ақ қарасора тұқымы мен есірткіні қолдануға арналған құрылғы тәркіленіп алынды. Психотроптық заттардың жалпы мөлшері шамамен 15 дозаны құрады.
Қазіргі уақытта есірткіні сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, істің барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция бағалы тон мен жүзік ұрлаған күдіктілерді ұстады. Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған екі күдікті жігітті қолға түсірді.
Белгілі болғандай, үй иесінің жоқтығын байқаған күдіктілер кешкі уақытта үйдің терезесі арқылы кіріп, ұрлыққа барған. Жатын бөлмедегі бағалы тон мен күміс жүзікті қолды еткен. Жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 500.000 теңге.
Сондай-ақ тексеру барысында полицейлер күдіктілердің тағы бір ұрлық қылмысына қатысы барын анықтады. Қырағы полицейлердің арқасында бағалы заттар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда екі күдікті қамауға алынып, іс сотқа өтті.

Ата-анасының қарсылығынан соң бойжеткен үйінен кетіп қалған. Полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданды. Айтуынша, таңғы сағат 6:00 шамасында бойжеткен қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Жақындары күн бойы іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Хабарламаны алғаннан кейін жоғалған 18 жасар қызды іздеуге еріктілер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
Полиция қызметкерлерінің табанды жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен қыз Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен табылды.
Тәртіп сақшылары анықтағандай, ата-анасының ұнатқан жігітке тұрмысқа шығуына қарсылық білдірген соң бойжеткен осындай әрекетке барған.
Полицейлер табылған бойжеткен мен ата-анасына профилактикалық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер облыс тұрғынынан гашиш тапты. Ордабасы ауданының полицейлері есірткі сақтауға күдікті қарт ер адамды анықтады. Нақтырақ айтсақ, учаскелік полиция инспекторлармен жедел уәкілдер қызмет атқару барысында жергілікті тұрғыннан есірткі заттарын тапты.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден келді. Тінту кезінде ауыл тұрғынының сарайынан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас зат анықталып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысымен айғақты зат жалпы салмағы 70 грамм болатын «гашиш» екенін дәлелдеді.
Есірткіні сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.

Полиция бұрын бірнеше рет сотталған деструктивті-діни ағым жақтаушысын ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Қ.Сахов мәлімдеді.
Полиция полковнигі Қ.Сахов: «Түркістан облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, деструктивті-діни ағымның жақтаушысы, Жетісай ауданының тұрғынын анықтап, ұстады.
Бұрын бірнеше рет сотталған 58 жастағы ер адам мессенджерде чат құрып, онда радикалды уағызшылардың бейнематериалдарын жариялап, тыйым салынған деструктивті-діни ағым идеологиясын насихаттайтын хабарламалар орналастырған.
Біздің жедел уәкілдер ІІО-да есебінде тұратын күдіктіні Жетісай қаласынан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды» — деп хабарлады.
Қазіргі уақытта күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Әлеуметтік желі арқылы 1,5 миллион теңгеге сан соқтырған күдікті әйел анықталды. Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған 31 жастағы алматылық тұрғынды анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті әйел әлеуметтік желіде «мүгедектікке шығарып беремін және үй кезегіне қоямын» деп жалған жарнама жасаған.
Яғни, екі жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, олардан 1,5 миллион теңге ақшасын алып, хабар-ошарсыз кеткен. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, іс сотқа өтті.

Полицейлер тұрғын үйде жасалған ұрлықты ашты. Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотты болған ұрлық қылмысына қатысы бар жергілікті тұрғынды анықтады.
Күдікті жігіт түнгі уақытта қылмыстық оймен бөтеннің үйіне заңсыз кіріп, гаражынан болгарка, электронды ағаш кесетін арасын және басқа да мүліктерді жасырын жымқырып кеткен.
Полиция қызметкерлері қолды болған мүліктерді тәркілеп, иесіне табыстады. Қазіргі таңда күдікті жігіттің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, істің мән-жайы анықталуда.

«Қорғау» қосымшасы миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізушіні анықтады. Қала көшелерін патрульдеу кезінде полк инспекторлары берешегі бар көлік иесін тоқтатты. Тәртіп сақшылары заң бұзушының басқаруындағы Hyundai Tucson туралы сигналды қызметтік планшетте орнатылған «Қорғау» бағдарламасы арқылы алды.
Полицейлер көлікті тоқтатып, ер адамның атқарушылық іс жүргізу бойынша 20 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады.
Жүргізушіге төлемдер туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қамалды. Қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін автокөлігін қайта ала алады.
Естеріңізге сала кетсек, «Қорғау» қосымшасы полицейлерге жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздестірудегі, төленбеген айыппұлдары бар көліктер туралы хабарлай алады. Сонымен қатар, аталған бағдарлама жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын қауіпті жүргізушілерді анықтайды.
Жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады.
2024 жылғы 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады. Сонымен қатар, 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады.А және В, сондай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілердің өзін-өзі даярлау арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндік беретін тармақтар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларынан алынып тасталды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*