Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысында елде насыбай ататындарға қатысты алаңдаушылық білдіріп, насыбайдың денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екенін атап өтті.
Үстіміздегі жылдың 18 наурызынан бастап насыбайдың зардабы, оны сату мен қолдану туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп жазады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Осы бағытта, Түркістан облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы және Денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері бірлесіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттерімен кездесті.
Аталмыш кездесуде «насыбайдың» көп онкологиялық ауруларға әкеп соғатынын, денсаулыққа өте зиянды психатроптық зат екендігі, оны өндіруге, сатуға және қоғамдық орындарда қолдануға тыйым салынғаны туралы түсіндірді. Сондай-ақ жастарға осындай іс-әрекеттерге жол берілген жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындықтары ескертілді.

Сауран ауданының полиция қызметкерлері оқушылармен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу ұйымдастырылды. Сауран аудандық полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектеп оқушылармен құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша сабақ өткізді.
Кездесу аясында полицейлер қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Яғни жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың алдын алу, темекі оның ішінде электронды шылым және сабаққа кешігу мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ түнгі уақытта яғни сағат 22:00-ден кейін ойынхана мен кафе мекемелерінде ата-анасының қарауынсыз жүрген жағдайда айыппұл төлейтіндері туралы ескертті.
Іс-шара соңында полицейлер балалардан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстар беріп, оқушыларды әрдайым мұқият болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Жетісайлық полиция қызметкерлері мен оқушылар жүргізушілерге жадынама таратып, жол ережелерін сақатуға шақырды. Жетісай ауданының полициясы №9 IT-мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқушылар арасында «Жолда жүру ережесін сақтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Шара барысында, дполиция қызметкерлері Н.Ағмасов пен Қ.Тұрмаханбетов оқушыларға көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүруді және бағдаршамның түстерін, қызметін толықтай түсіндірді.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылар оқушыларды маңызды жол белгілерімен таныстырды. Жолда абай болудың, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екендігін айтып ұғындырды.
Сондай-ақ мектеп ішінде құрылған Жас жол инспекторлар отряды өздерінің міндеттерін және атқарып жатқан іс-шараларын көрсетті. Яғни автокөлік жүргізушілер тарапынан жолда жүру ережесін сақтау бойынша бірлескен алдын алу іс-шаралары өткізіліп, арнайы дайындалған жаднамаларды жүргізушілерге таратып, жолда жүру ережесін бұзбауға шақырды.

Түркістанда Б»ір нүктелік» ісшарасы өтуде. Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың нұсқауына сәйкес Созақ ауданы аумағында аптаның сенбі, жексенбі күндері бір нүктелік іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсат-көшелер мен қоғамдық орындардағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Аталған рейдтік шара Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Бекзат Нұрланұлының қатысуымен өтті.
Профилактикалық шарада, пробациялық есептегі азаматтар мен мерзімінен шартты түрде босатылған азаматтар тексеріліп, бақылау жұмыстары күшейтілді. Қараусыз жүрген үй жануарларының иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, заң бұзушылықтарға жол берген автокөлік иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды.
Өз кезегінде полицейлер, қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністік танытып, заңға қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуді сұрайды.

Генерал мен департамент басшылығы 10 ерекше баланың арманын орындады. «Барлық жақсылық балаларға!» ұранын алға тартқан полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қасиетті айда игі іс жасауға мұрындық болды. Яғни Түркістан қаласында құрылған «Армандар орындалады» жобасының 22-рет өткізілген мерекелік шарасында денсаулығына байланысты үй жағдайында оқитын 10 ерекше баланың тілегін орындады.
Аталған 10 баланың арманы жазылған тілек хаттарға облыстың бас полицейі мен департамент басшылығы қолдау білдіріп, орындалуына ат салысты. Балалардың қалауларын алып, оларға қуаныш сыйлауға асықты.
«Фараб» кітапханасында өткен жиында полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова, жас достарға өздері армандаған сыйлықтарымен қоса полиция департаменті бастығының «Алғыс хатын» табыстады. Одан әрі іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұйымдастырушылар Түркістан қаласын алғаш рет көруге келген балаларға көрікті жерлерді электрокармен аралатып, қайықпен серуендетті. Бұл күн Бәйдібек, Ордабасы аудандарынан, Кентау, Түркістан қалаларынан келген кішкентай қонақтар үшін естен кетпес сәт болды.
Сонымен қатар өскенде полиция болғысы келетін жеткізген қиялы ұшқыр балалар жедел басқару орталығына барды. Олар үшін полицей аға-әпкелерінің бейнебақылау камераларымен жұмыс жасағанын көру, барлық қаланы көрсететін үлкен экранды тамашалау ерекше әсер қалдырды.

Бәйдібекте кәсіби мереке қарсаңында ісшара өтті. Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында «Тергеу органдары қызметкерлерінің» кәсіби мерекесіне 61 жыл толуына орай іс-шара өтті.
Ауданның бас полицейі Н.Ажибеков құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлерді мерекелерімен құттықтады.
Жиынға ауданның тергеу саласының қызметкерлері мен осы салада қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан Болат Аппасұлы қатысты. Ардагер полицейге мерекелік «Алғыс хат» табысталды.
Ал тергеу саласының ардагері қызықты да, қауіп-қатерге толы тергеу қызметіне тоқталып, өзінің естеліктерімен бөлісті.

Әлем және Азия чемпионы жас полицейлерге тәлімгерлік сабақ өтті. Құрметті азамат, ішкі істер саласының қылмысты іздестіру бөлімінде абыройлы қызмет етіп, бүгінде зейнетке шыққан ардагер Сапар Оразбекұлы Жетісай ауданының жас мамандарымен кездесті.
Кездесу барысында ардагер полицей қиындығы мол қызметтің қыр-сырын жас мамандарға түсіндіріп, көп жылдық тәжірибесімен бөлісті. Әрбір қызметкерден темірдей тәртіп пен кәсіби біліктілікті талап ететін бұл қызмет ең бірінші елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағытында жұмыс жасайтыны туралы айтты.
Сапар Оразбекұлы ардагер болса да, Қарағанды қаласында өткен «World Cup» яғни «Алтын батыр» кубогі бойынша Әлем чемпионатына, ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысып, жүлделі І-орынды, көптеген үлкен додаларда жеңіске жетіп келе жатқан ішкі істер органының ардагері.
Шара соңында жеке құрам қызметкерлері ардагер ағамызға арнайы Алғыс хат пен иығына шапан жауып құрмет көрсетті. Ал жас сақшылар спорт саласының майталманымен әңгіме сұхбат құрып, жұмыс барысындағы тәжірибелермен бөлісіп, естелікке суретке түсті.

Полиция “Террористік тұрғыдан осал объектілер” тақырыбында жиын өткізді. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмас Серікбаевтың төрағалығымен маңызды жиын өтті. Оған аудан кәсіпкерлері, денсаулық сақтау және білім ордаларының қызметкерлері қатысты.
Аталмыш шарада сөз алған полиция подполковнигі А.Серікбев террористік тұрғыдан осал обьектілердің, оның ішінде ірі сауда орталықтарының, қоғамдық тамақтану нысандарының терроризмге қарсы қорғауды, бақылауды ұйымдастыру бағытын түсіндіріп өтті.
Ірі нысандарға бейнебақылау жүйелерін, дабыл қағу батырмаларын полиция бөліміне орталықтандырумен ғана шектелмей, замануи өрт сөндіру құрылғыларын, қосалқы шығу есіктерін орнатуды міндеттеді.
Сонымен қатар алдағы уақытта тиісті мамандармен бірлесе мекемелер тексеріліп, қатаң бақылауда болатынын ескертті.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*