Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мәселелер қаралды

Комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мәселелер қаралды

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде: аудан аумағындағы балабақша мекемелерінің кәмелетке толмаған балаларын автокөлікпен тасымалдануы туралы; Комиссияға келіп түскен кәмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылық әрекеттері туралы іс-материалдары; Комиссияға келіп түскен кәмелетке толмаған балаларын мектепке себепсіз жібермейтін ата-аналар туралы іс-материалдар; аудан көлемінде кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүктілік, аутодеструктивті жағдайдың кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы; Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №61 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылыққа бейім кәмелет жасына толмағандарды есепке қою» бөлігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде әдістемелік ұсынымға сәйкес атқарылған жұмыстар туралы (мектеп ішілік есеп) мәселелер қаралды.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің жергілікіті полиция қызметінің бөлімше бастығы полиция майоры Д.Нысанбеков, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға ювеналды полиция инспекторы полиция майоры Т.Гулиевтың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны Е.Даткаевтың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың ахуалы, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстардың алдын алу профилактикалық іс-шаралардың іске асырылуы, мектепке себепсіз бармайтын оқушылар туралы баяндамалары тыңдалып талқыланды.
Одан соң мектеп оқушылары қатарынан аутодеструктивті мінез-құлықты мектеп ішілік профилактикалық есепке алынған балалар бойынша аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Сулейменованың баяндамасы тыңдалды.
Жиын соңында отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, комиссия төрағасы Бейсенбай Тасболатұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің орын алатын қылмыстардың алдын алу, ата-аналар (немесе заңды өкілдері) тарапынан баланың өміріне деген бақылау деңгейін күшейту, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алу, балаларын себепсі сабаққа жібермеген ата-аналарының жауапкершілігін қарау, олардың құқықтарының қорғалуына жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдар мен мекемелердің қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган болып табылады.

Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия — Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан, ал облыстық, қалалық, аудандық — қалада, аудандық комиссиялар тиiстi жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) жанынан құрылады.

Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия аудан орталығынан едәуiр қашықтықта орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi жанынан құрылуы мүмкiн. Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi жанындағы кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның аудандық комиссияның құқықтары мен мiндеттерi болады. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi кенттiк, ауылдық, ауылдық округтiк комиссияны құру туралы шешiмдi облыс әкiмдiгi қабылдайды, ал оның дербес құрамын тиiстi ауданның мәслихаты бекiтедi.

Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелерi және хатшы құрамында құрылады. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің әкімі басқаратын кенттік, ауылдық комиссияны және ауылдық округ комиссиясын қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнің орынбасары комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы тиісті мемлекеттiк органның аппаратында штаттық лауазымды атқарады.

Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның құрамына тиiстi мәслихаттардың депутаттары, iшкi iстер, бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әдiлет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына мүдделi қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.

Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар өз құзыретi шегiнде:

1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;

3) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;

4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың жай-күйiн зерделейдi және осы мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

5) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желiсiн дамытуға жәрдем көрсетеді және олардың қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз етедi;

6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтап қорытады және таратады, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдайды және жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша олардың арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

8) кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу мәселелерi бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;

9) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен босатылған не арнаулы бiлiм беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыста орналастыруда, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту жөнiндегi өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделi органдардың қызметiн үйлестiреді;

10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады;

11) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады;

12) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіреді.

Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияларды құру тәртiбi және олардың қызметiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*