Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Ordabasy: аға прокурор кәсіпкерлермен кездесті

Ordabasy: аға прокурор кәсіпкерлермен кездесті

Түркістан облысы прокуратурасының аға прокуроры Серік Ізтілеуов жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Басқосуға аудан әкімдігі және ауданның құзырлы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері де қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің уәждері тыңдалып, олар бойынша құқықтық түсіндірмелер берілді.
Кездесуде аудан прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстары да баяндалды.
Жиын соңында аға прокурор кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтып, аталған бағытта жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
“Аудан прокуратурасында бизнес құқығын қорғау мобильді тобы қызмет етеді, оның сенім телефоны арқылы ауданның кәсіпкерлері құқықтары бұзылған жағдайда жылдам шағым білдіре алады. рокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады, сондықтан аталған бағытта жұмыстар жалғасады”, — деді аға прокурор.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*