Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мүдделі мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп білім беру мекемелерінде ұдайы түрде кездесулер өткізеді.
Мұндай кездесудің басты мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды спортқа баулу болып табылады.
Осындай жиын №43 жалпы орта білім беру мектебінде де өткен болатын. Оқушыларға есірткінің зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлері туралы айтылды.
Өз кезегінде, оқушылар есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға да зияны тиетінін түсініп, салауатты өмір салтын ұстанатындарын жеткізді.
Нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу есірткіні қолдану және тарату қаупі бар жоғары сынып оқушыларына арнап өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілік және оларды асыра пайдаланудың зияны туралы хабардар ету, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығына деген жауапкершілікті насихаттау.
Жоба есірткімен күресуге және тәуелділік проблемаларына тап болғандарға қолдау көрсетуге бағытталған. Осы екі жыл ішінде жоба жастардың және басқа да әлеуметтік желі қолданушыларының кең қолдауына және белсенді қатысуына ие болды. Мәселен, есірткіге қарсы күрес бойынша жұмысқа 1 500-ден астам ерікті қосылды. Біз есірткіге қатысты оң өзгерістерді және көмек сұрайтын адамдардың өте көп екендігін көрдік. Сонымен қатар, тәуелді және тәуелді тұлғалармен қолдау топтары форматында, оның ішінде басқа қалалардың тұрғындары үшін zoom бойынша жұмыс жүргізілуде. Жағдаяттарды болдырмау үшін Қазақстанда алғашқы оңалтудан кейінгі инфрақұрылым құрылды. Сонымен қатар, Call-орталық құрылды және бүгінгі күнге шейін өз жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда қоңыраулар Қазақстанның барлық қалаларынан келіп түседі.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*