Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан облыс аумағында қылмыстың алдын алу, қылмысты болдырмау және қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлерін салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті. Түлкібас ауданы әкімшілік ғимаратында қалыптасқан дәстүр бойынша құрметті демалысқа шыққан полиция қызметкерлерін салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Аталмыш шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Таңатбаев, полиция майоры Бекарыс Сұлтанов, әкім орынбасары Ербол Орманов және жеке құрам қатысты.
Осындай айтулы күні салтанатты рәсімде өткен зейнеткерлікке шығарып салу сәтінде ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы адал және мінсіз қызмет атқарған аға әріптестерін бөлім басшылары мен жас қызметкерлер құттықтап, мінсіз қызмет атқарғаны үшін алғыстарын білдіріп, ілтипатты сөздер айтты.
Еңбек демалысына шыққан қызметкерлерге полиция майоры Б.Сұлтанов алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Соңында барлық қатысушылар естелікке суретке түсті.
Түркістандық полицейлер жоғалған 5 бас жылқыны тапты. Бастапқы да олар жоғалған малдарын өздері іздеп көрді, алайда одан еш нәтиже шықпаған соң, Қарнақ елді мекенінің тұрғыны Кентау қалалық полиция бөліміне хабарласып, полициядан көмек сұрады. Мал иелерінің сөзінше, жайылымдық жерден бос жайылып жүрген 3 жылқы ұшты-күйлі жоқ болған.
Жоғалған жылқыны іздеу үшін учаскелік полиция қызметкерлері тартылды. Жүйелі жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары жоғалған ірі қара малды 1 тәулікте егістік алқабынан тапты.
Өз кезегінде тұрғын жылқыларын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғыс білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Тұрғынның үйіне құрылыс затын ұрлаған күдікті анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен бұрын сотты болған ер адамды анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта бөтеннің сарайының есігін бұзып кіріп, бір дана болгаркасын ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары қолды болған болгарканы тұрғынның үйінен тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдікті ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.