Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и текст «CASTAU ASTAU»
Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, округ әкімдері мен тиісті бөлім қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды.
Аудандық полиция бөлімінің 2024 жылдың 4 айында алаяқтық қылмыстарының профилактикасы және қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы мәселелер төңірегінде аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Елшібаев Нұрсұлтан Тұрышбекұлы баяндама жасады.
Возможно, это изображение 1 человек, кларнет и скрипка
Екінші мәселе тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы аясында болды. Бұл бағыт бойынша да қатысушыларға баяндама жасаған Нұрсұлтан Тұрышбекұлы болды. Мәжілісте қаралған екі мәселе төңірегінде қатысушылар мен округ әкімдері тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, зерделенуге тиісті істердің қайта қаралуын сұрады. Жиын барысында қосымша баяндаманы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ибраимов Аскербек Мұхтаралыұлы оқыды.
Біз дамыған сайын алаяқтар бізбен бірге дамып келеді. Кез-келген адам мұндайға сеніп қалады. Бірақ, шынайы еңбек етпей, тек бір тетікті басу арқылы қомақты қаражатқа қол жеткізу мүмкін еместігін халық түсіну керек. Телефоныңызға смс барады, соны айтсаңыз олай істейміз, бұлай байып кетесіз дегеннен кейін, ақкөңіл халық барын айтып, несиеге белшесінен батып қалады. Осындай олқылықты болдырмау үшін ауылдық учаскелік полиция мамандары мен округ әкімдері тығыз байланыста жұмыс жасау керек.
Возможно, это изображение 8 человек
Сонымен қатар, жаңа заң енгелі отырғанын естідік. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа да жол жоқ. Осы тұрғысынан да округ әкімдері халықпен байланыс орнату керек. Жұмыла жұмыс жасап, құқықбұзушылықты жойып, тәуелсіз елде тыныш өмірді бірге орнатайық»- деп, жиынды аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы қорытындылады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*