
Биыл аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар ойын алаңшасы мен 2 заманауи спорт алаңшасын салу жоспарланған, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Самал-3 шағынауданындағы Абдраманов көшесінде спорт алаңы тұрғындарға пайдалануға берілді. Мердігер мекеме — «BAK Construction Group» ЖШС.