Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРҒА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРҒА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

Түркістан облысының аудан, қалаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 5 человек
Олардың құрылысы, инфрақұрылымына әкімдік тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр. Кезекті жобалардың жүзеге асырылу барысы Түркістан өңірлік инвестициялық штаб мәжілісінде тағы да талқыланды. 20-ға жуық жобаның жай-күйі сараланып, жұмыстары таныстырылды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әр жоба бойынша кәсіпкер мен жергілікті әкімдердің және жауапты басқарма басшыларының есептерін, ұсыныстарын тыңдады. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Жұмысты кешеуілдеткендерге сын-ескертпе айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.
– Үлкен болсын, кішкентай болсын, барлық жоба назардан тыс қалмауы тиіс. Қадағалаңыздар, қолдаңыздар. Жол картасын немесе жұмыс жоспарын хаттамаға енгізіп, әкімдік өз міндетін, кәсіпкерлер өз міндетін уақтылы орындасын. Жерді алып, жұмыс істемейтін болса, жер мемлекетке қайтарылады. Кейбір жобалар кешігіп жатыр. Үйлестіру керек. Облыста мақта-тоқыма кластерін дамытып жатырмыз. Ірі 4 зауыт ашылады. Солардың өнімдерін өткізу мәселесін қазірден зерделеп, жоспар құра берген жөн. Жоба басталғаннан әр мекеме өзі жауапты сала бойынша жедел әрекет етіп, проблемаларды шешіп отырсын. Біздің бағытымыз – зауыттар мен өндіріс орындарын ашу. Кәсіпкерлер мен инвесторлар да өз мәселелерін жасырмай айтсын. Қолдаймыз, көмектесеміз, – деді Дархан Сатыбалды.
Возможно, это изображение 19 человек, люди учатся, телевизор и текст «ЗАПИСЬ Cosa аудан Гурие нскаЯ област Жетисай ауданы TOO «TAIQON... аа PF ауданы KiMİanna. аппа.. AMEAA 1Ордабасы Байдтбек аудан биауданы Cay ранауда ауданы да HLL Шарда Арыскаласы ыс Мактаарал ауданы コポ ТЮлькуб асский район Отырар зуда TOOTAIQ NYR YRQYSHOYLZA. TOO# #Келесуданы Келес Ауданы новскОеР 6KD Daur. Сайрам C Аудан Hbi TUR ISTAN INVEST ВЛРД> NURLA Туркестанская... BeibarsBottlers tlers таудань цырбаев ТОФ Mong trans: КазахБитум Rasax Кентау Акима ма»
Мәжілісте «TAIQONYR QYSHQYL ZAUYTY» ЖШС-нің Созақ ауданындағы күкірт қышқылын өндіру зауытының, Созақ ауданында 2 кезеңнен тұратын уранды қайта өңдеу кешенінің құрылысы барысы талқыланды. Инвесторлар жағдайды баяндады. 2026 жылы жүзеге асатын 2 жоба арқылы 700-дей жұмыс орны ашылады. Шардара ауданында жүгері дәндерін терең өңдеу зауытын «Казкрахмал» ЖШС іске асыруда. Жергілікті бюджеттен сыртқы инфрақұрылымды жүргізуге 200 млн теңге бөлінді Түркістан облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы тарапынан сыртқы инфрақұрылым жүргізу бойынша мердігер компанияны анықтау үшін конкурс жарияланған. Жоба толық іске қосылса, 500 жұмыс орны ашылмақ.
«Beibars-Bottlers» ЖШС Түлкібас ауданында ауыз су және түрлі-түсті сусындар өндіру зауытын салып жатыр. 96 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда электр мәселесі бар. Өңір басшысы бұл түйткілді шұғыл шешуді тапсырды. Мердігерге тиісті ұсыныс беріледі.
Возможно, это изображение 9 человек и текст
Төлеби ауданында логистикалық орталық салу және жүк тасымалдарын ұйымдастыру жобасын «Monotrans» ЖШС жүзеге асыруда. 190 адам жұмыспен қамтылады. Ал Кентау қаласында өнеркәсіпке арналған металл конструкциялары, металл бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысы аяқталғанда 80 жұмыс орны ашылады.
Түркістан қаласындағы «Turkistan» арнайы экономикалық аумағында полимерлі құбырларды, пластмассадан жасалған бұйымдарды шығаратын ірі-тораптық зауыт салынуда. 80 жұмыс орны құрылады. Ал Төлеби ауданында «KAZPLAST» ЖШС-нің тігін фабрикасының құрылысы аяқталып келеді. Биыл ашылатын фабрикада 150 адам жұмыспен қамтылады. Сауран ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірістік кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беру актісін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Арыс қаласында теміржол вагондарын жөндеу жобасын «АВЛРД» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаны іске қосу 2024 жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған. 50 жұмыс орны құрылады. Түлкібас ауданында қуаттылығы жылына 5000 тонна жеміс өңдеу цехын «Түлкібас Жеміс Жидектері» АӨК іске асыруда. Жеңілдетілген несие арқылы қолдау көрсету мәселесі назарға алынды.
Возможно, это изображение 2 человека
Сайрам ауданында мақсары майын шығаратын зауыт, етті қайта өңдеу, мал сою цехы және бордақылау алаңы, арнайы техникаларды, кузовтарды құрастыру зауыты салынса, Қазығұртта цемент зауытының құрылысы жүріп жатыр. Ордабасы ауданы мен Арыс және Түркістан қалаларында шетел инвесторлары арқылы жобалар жүзеге асады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*