Aудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігі жұмыссыздық, тұрғын үй кезегі және де өзге де мәселелерімен жүгінді.

Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, әр мәселені жеке өз бақылауына алатындығын атап өтті.
© Jetpisbai.kz