Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САРЫАҒАШТА ЖАҢА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

САРЫАҒАШТА ЖАҢА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Aуданда автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Енді осы станция арқылы елді мекендерді газдандыру жұмысы жанданбақ. Осы орайда аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы Дербісек ауылдық округіне барып, газ тарату станциясын іске қосу іс-шарасына қатысты.
Дербісек ауылдық округіндегі «Тоболино» АГТС нысанына мемлекеттен 770,0 млн қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Былтыр қараша айында магистралды газ құбырына үрлеу, қысымдау жұмыстары жүргізіліп, 1 және 2 тармақ дәнекерлеу жұмыстары 21.05.2024 жылы аяқталып, Тоболино АГТС-на «Интергаз» магистралды құбырынан табиғи газ жіберілді.
Возможно, это изображение 3 человека, огонь, литейный завод и текст «말들 日»
Ендігі кезекте аталған АГТС-ке қарасты аталған елді мекендердің 4796 абоненті, қосымша 89 коммерциялық нысан, 15 әлеуметтік нысан және Ақжар ауылдық округінен 300 абоненті, Атамекен елді мекенінен 235 абоненті табиғи газға қол жеткізетін болады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*