Білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Төлебай Тоғжан Ақтау қаласында өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионатында Азия чемпионы атанып, 1 орынға ие болды. 27 мемлекеттен 500 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде жеңіске жеткен жас спортшының осыған дейінгі жетістіктері де жетерлік, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі жыл бұрын ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай Дзюдо күресінен «Отырар» спорт клубының ашық біріншілігінде 1-орын алғаны үшін марапатталған. Ал былтырғы жылы Төлебай Тоғжан «Antalya Natik Canca International Training Camp and Judo Tournaments» турнирінде 1-орын алып, қаламыздың абыройын асқақтатты. Жуырда ғана өткен Дзюдо күресінен Кеңес Одағының батыры Е.Молдабаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында өткен «Мини-Татами» республикалық ашық турнирінде 1-орынды иеленді.
© jetpisbai.kz