Aудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы жұмыс сапарымен Жібек жолы ауылдық округіне барып, Жібек жолы елді мекеніндегі кеден бекеті аумағын дамыту және абаттандыру, тазалық жұмыстарының мән-жайымен танысып, саралады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аралау барысында: «Басты мақсаты- кәсіпкерлерге қолдау көрсету, туристтерге қолайлы жағдай жасау, ауыл округ тұрғындарын жұмыспен қамту, заң аясында әрбір мәселенің шешу жолдарын қарастыру болып табылады»,-дей келе аудан басшысы, салаға жауапты орынбасарымен ауылдық округ әкіміне бірқатар ескертулер атап өтіп, тапсырмаларды нақты орындау мерзімімен жүктеді.
© Jetpisbai.kz