Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында «Өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік шаралары туралы» бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы кәсібилікті арттыру үшін 2024 жылдың қаңтар-ақпан айлар аралығында Қазақстан Республикасы ТЖМ Шымкент қалалық оқу орталығында орман шаруашылығы мекемелерінің 15 қызметкерлері оқудан өткізілді. Қаладағы шыққан өртті уақытылы анықтау мен бақылау үшін екі орман шаруашылығы мекемелерінің теңгерімінде 5 дана бақылау мұнаралары, сонымен бірге Бадам орман шаруашылығы мекемесінде 1 дана фото және бейне-түсіру мүмкіндіктері бар пилотсыз ұшу айровизуалды аппараты бар.
2024 жылғы өрт қауіпті кезеңге ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1110,5 км құрайтын минералды жолақтарды жырту жұмыстары жоспарланған.
Бүгінгі таңға Республикалық маңызы бар жолдардың жанында 117 гектарға минералды жолақтарды жырту жұмыстары жүргізілді.
Ал Департаментте, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген.
2024 жылдың 15-16 мамыр күндері орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылдарын пысықтау мақсатында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «Жасыл белдеу» мекемесінің орман қоры жерінде қалалық төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен өрт-тактикалық оқу жаттығу жұмыстары өткізілді.
Іс шараға азаматтық қорғау қызметінен жалпы 297 адам және 79 бірлік техника қатысты.
Сонымен қатар, орман қоры мен жасыл белдеу аумағында өрттің қауіпті екендігін ескертетін үгіт-насихат парақшалары таратылды. Бүгінде профилактикалық іс-шаралар өрт қауіпі бар маусымында тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы аумағында өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында 2024 жылы 9 км минералды жолақтар жаңартылды және қураған ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары, сонымен қатар, саябақ ішіндегі жолдардың екі беті 2-3 метр аралықта шөбі орылып тазаланып, келушілерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда саябақта өрт қауіпті маусымына орай МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторлары соқаларымен және Газ-53 су тасымалдау көлігі дайындалды.