Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкенттік дәрігерлер 278 күн бойы жаңа туылған нәрестенің өмірімен күресті

Шымкенттік дәрігерлер 278 күн бойы жаңа туылған нәрестенің өмірімен күресті

Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 25 наурыз күні кесір тілігі арқылы 39 жастағы келіншек босанған. Босанған кезде анасының жағдайы нашар болғанына байланысты келіншек кесір тілігі арқылы босанған. Баланың жағдайы туылғанда нашар болған.Салмағы туылған кезде не бәрі 980 грамм болған. Дәрігерлер жаңа туылған бүлдіршінді бірден жансақтау бөліміне ауыстырған. Жансактау бөлімінде өкпенің жасанды желдету апаратында СДР, БЛД диагноздеримен ем кабылдады. Одан бөлек дәрігерлер инфузионды және инотропты ем шараларын жүргізген.
Жансақтау бөлімінде 28 күн жатқан Мұстафа дәрігерлердің шешімімен нәрестелер потологиясы бөліміне ауыстырылған. Өздігімен дем алуды бастаған Мұстафаны дәрігерлер анасының құшағына берген. Қазіргі таңда баланың салмағы 2700 грамм болған. Жағдайы қанағаттарлық дейді дәрігерлер. Жақын арада ана мен бала отбасына қауышатын болады.
Сонымен қатар, Халықаралық балалар күні қарсаңында шымкенттіктер саны үшеммен толықты.  Үшемдерді дүниеге әкелген Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы.
Үшем ұлдар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында 15 сәуір күні қалалық перзентханада дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640, үшіншісінікі 1610 грам болып туылған. Дәрігерлер үшемдерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға шығарып, күтіп-баптаған. Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшемдер мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды.
Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед деген есімдер берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері өмірге келген төртінші үшем.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*