Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
Балалардың жүзіне күлкі сыйлап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, мекеме аумағын аралап, балалардың
жағдайымен танысты.
Ал, балалар тәрбиешілермен бірге арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Ән айтып, би билеп бар өнерін ортаға салды.
Бүгінде орталық қызметкерлері балғындар үшін отбасылық жайлылық пен жылы атмосфера жасап отыр.
Түрлі үйірмелер мен секциялар жас достардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Балалар — біздің басты байлығымыз. Жас ұрпақтың жеке қабілеттерін дамытып,оларға барлық жағдай жасау, өмірін, денсаулығы мен құқығын қорғау — біздің маңызды міндеттеріміздің бірі.
Мейрам қарсаңында балаларға бақытты балалық шақ, денсаулық, ата-аналарға амандық пен табыс тілейміз!
Сонымен бірге, қалада инклюзивті балалар марафонына дайындық кезеңі басталды.
Шымкентте инклюзивті балалар марафоны биыл тамыз айында екінші рет өтпек. Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған марафонның басталуына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
“Арман әлемі” қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, дендросаябақта әр сенбі күні дайындық жүргізіледі. Онда қаладағы Royal фитнес клубының тренерлері балаларға тренинг өткізіп, жүгірудің қыр-сырын үйретеді. Дайындық кезеңі 17-тамызға дейін жалғасады.
Бүгінгі іс-шарада Royal фитнес клубының тренерлері балаларға арнайы дайындық жүргізіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балаларға концерттік бағдарлама ұсынылды.
Инклюзивті балалар марафонына қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, қалалық ҚХА қолдау көрсетуде.
Халықаралық балалар күніне арналғанісшаралар легі бүгін Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен балаларға арналған мерекелік іс-шарасымен жалғасты.
1 — Маусым балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Оқушылар сарайы алаңшасында “Әрқашан күн сөнбесін!” тақырыбында асфальтке сурет салу іс-шарасы өтті.
Іс — шараның мақсаты – келешек ұрпақтың бойына елжанды, адал, білімді, талантты, мейірімді, жалпы адами құндылықтарын қалыптастыру.
Балалар күніне арналған мерекеде 100-ден аса бала жетекшілерімен бірге қатысты. Ең кішкентай суретшілер мерекелік флешмоб биледі.
Сондай-ақ, көпшіліктің жүрекжарды лебіздері, құттықтаулары айтылып, іс-шараға қатысушылар және ұстаздар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, сый-сияпат берілді.
Іс-шара соңында балалар естелікке суретке түсті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*