Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ӘЛЕМ БАЛАЛАРМЕН ӘДЕМІ

ӘЛЕМ БАЛАЛАРМЕН ӘДЕМІ

Баланың бақытты жүзінен артық байлық жоқ болар. Осы орайда балалар шығармашылығын дамыту, музыка арқылы мәдени танымын байыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Отанын сүюге, өз елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге баулу, жас өскінге рухани қолдау таныту мақсатында халықаралық балаларды қорғау күніне
«Бақытты балғын шақ – жарқын болашақ» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева арнайы келіп, балалар өнерін тамашалады. Қала тұрғындарымен суретке түсіп, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
Орталық саябақ әсем ән мен күмбірлеген күйге, балалардың шат күлкісіне толды. Көркем киінген, бұралып би билеген қыздар да мерекенің шырайын келтіріп тұр.
«Баланы сұлу өнермен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Сонда ғана сұлулық сезімдері өркендейді» — деп, алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқандай, бүгін сұлу өнер патшалық құрды. Қаладағы өнер мектептерінің жас суретшілерінің сурет, қолөнершілер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, түрлі- түсті бояулар саябақ түсімен үндесті.
Мерекеге қала мектептерінен 1300-ге жуық бала қатысты. Өнерлі балалар концерті қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бала бақытты болу үшін жаралған. Адам өмірінің мәні мен сәні — өсіріп отырған ұрпағы. Бүгінгі ерке құлыншақтар – еліміздің ертеңі мен болашағы. Келер күннің айнасы.
Бүгінгі балалар мерекесі Арбат демалыс аймағында өнерлі өрендердің шеруімен басталды. “Балалық шақтың мекені” атты ертегі кейіпкерлерінің шеруінің ұйытқысы — Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры. Шеруге Оқушылар сарайының барабаншылар тобы, Саз колледжінің үрмелі және ұлт аспаптар оркестрі, Қуыршақ театрының қуыршақтары, сондай-ақ, қаладағы 6 театрдағы ең керемет балалар персонаждары қатысты.
Қызықты репертуар, музыкалық аспаптардың алуандығы, шығармалардың түпнұсқада орындалуы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтің бірігуі — сазды-театрландырылған шеру мерекелік көңіл-күй тудырып, әсерге бөледі. Шеру орталық саябаққа дейін жалғасады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*