Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қала әкімі Сәуле шағын ауданында бой көтерген жаңа саябақты ашты. Бірегей саябақ аймағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарының біріне айналады.
Жалпы ауданы 2,5 гектарды құрайтын демалыс алаңына 1000-ға жуық ағаш, 13500 шаршы метр көгал отырғызылып, жарықтандыру жүйесі орнатылды. Бірнеше аймақтарға бөлінген саябақта балалар демалысына және спортпен шұғылдануға жағдайдар жасалып, воркаут алаңдар мен серуендеу жолдары қарастырылған.
Ғабит Сыздықбеков саябақты салуға атсалысқан баршаға алғысын білдірді. Осындай жобалардың арқасында қала тұрғындары қосымша қоғамдық алаңдарға қол жеткізіп, ашық аспан астында серуендеуге мүмкіндік алады.
Ал, Абай ауданында спорт және балалар алаңдары пайдалануға берілді.
Биыл аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар ойын алаңшасы мен 2 заманауи спорт алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда Самал-3 шағынауданындағы Абдраманов көшесінде спорт алаңы тұрғындарға пайдалануға берілді. Мердігер мекеме — «BAK Construction Group» ЖШС.
Сондай-ақ, Асар-2 шағынауданы Нұржол көшесінде ойын және спорт алаңдарының құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Нысандардың құрылысын «Бадам-Кум LTD» компаниясы жүргізді. Шілде айында тағы да 20 балалар алаңшасы пайдалануға берілетін болады.
“1-маусым Халықаралық балаларды қорғау” күніне орай Шымкент қаласында Жаңа Ипподром атшабарында ауқымды көлемде Шымкент қаласының жасөспірім балалары үшін арнайы ұйымдастырылған ашық есік күні өтті.
1. “Ашық есік күні!” Балалармен атшабарды аралау, атқа отырғызу серуендеу ұйымдастырылды.
2. Мерекелік дастархан.
3. Асық ату спорты мен бес тас спорт түрінен жарыс өткізіліп, балалар арасында ұлттық спортты насихаттау жұмыстары жүргізілді.
4. Балалар алаңында түрлі ойындар ұйымдастырылып, футбол ойнатылды.
5. Жасөспірім балалар көңіл көтеріп, “Алтыбақан” тепті.
6. Іс-шараның соңында жарысқа қатысқан балалар арасында жеңімпаздарды анықтап, арнайы сыйлықтармен марапатталды.