Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Полиция балаларға арнап «ашық есік» күнін өткізді

Полиция балаларға арнап «ашық есік» күнін өткізді

Сайрам ауданының Полиция басқармасында мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттеріне арналған «ашық есік» күні өтті. Іс-шараға полициямен қатар Төтенше жағдай қызметі де ат салысты.
Мақсат- жастарға кәсіптік бағдар беру, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, ішкі істер органдары қызметкерлері жайлы оң көзқарас қалыптастыру, олардың күнделікті қызметімен таныстыру. Сондай-ақ жас достарға тапсырмаларды орындауда қандай арнайы құралдарды пайдаланатыны көрсетілді.
Полицияның “102” жедел желісіне келіп түскен хабарламалардың қабылдануы, тіркелуі және жасақты жіберу тәртібінен бастап, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынған құқық бұзушылардың камералары, тергеу бөлмелері таныстырылды. Ал криминалист маман М.Нұрислам жасөспірімдерге қылмыс оқиғасы орын алған жағдайда оқиға орнына қалдырылған заттай дәлелдемелерді алу, қылмыстың ашылуына үлкен ықпал ететінін жеткізді.
Қару-жарақ қоймасының меңгерушісі Б.Сүттібаев келушілерге қару-жарақтардың қауіптілігі және оны тек қызмет бабында арнайы мамандар ғана қолдану керектігін жіті түсіндірді.
Оқушылар ерекше қызығушылықпен түрлі сұрақтар қойып, арнайы қорғаныш киімдерін киіп көрді. Полицей болу үшін қандай талаптар қойылатыны туралы мағлұматпен қанықты. Жасөспірімдер полиция қызметінің жауапты әрі қауіпті екендігін түсінді. Өйткені оларға қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерге арналған ерлік ескерткіші таныстырылып, ерліктері баяндалды.
Іс-шара соңында Сайрам ауданы полиция басқармасының бастығы М.Ермеков: «Қазір арамызда тұрған жастар арасынан болашақ полициялар шығады деген сенімдеміз. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін жаңа буынды тәрбиелеуге ықпал етсек, біз үшін мақтаныш!»-деп атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*