1-маусым «Халықаралық балалар күні» мерекесіне орай Түркістан облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бірқатар ісшаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Атап айтқанда:
Мерекеге орай Түлкібас ауданының Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.
Шараға Түлкібас ауданының әкімі Н.Ізтілеуов, аудандық мүгедек балаларды оңалту орталығының бастығы Т.Тұрсынқұлова, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің полиция инспекторы Н.Еламанов, учаскелік полиция инспекторлары А.Байжанисова, Г.Есенкулова, аудандық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры М.Түгербаева қатысты.
Салтанатты жиында аудан өнерпаздарының және Түлкібас мүгедек балаларды оңалту орталығының мүмкіндігі шексіз балаларының қатысуымен концерттік қойылымдар қойылып, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері атынан балаларға сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, жиын соңында Түлкібас ауданы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры М.Түгербаева, аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Келестік полицейлер балаларды мерекемен құттықтады.
Келестік полицейлер Жеңіс саябағында «1-маусым Балаларды қорғау күніне» мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
«Балалар әрқашан бұл мерекені ерекше сезіммен күтеді, олар өз тілектерінің орындалуына сенім білдіреді. Біздің полиция қызметкерлері жыл сайын балалардың мерекесінде қажетті көмек көрсетеді және сыйлықтармен ықыласпен қуантады, – деп атап өтті полиция полковнигі С.Отыншиев.
Сондай-ақ шара соңында балалар қонақтарға өздері дайындаған бағдарламаларын ұсынып, әндер орындап, өлеңдер оқып, би билеп, көңілді кеш ұйымдастырды.
Балаларды қорғау — басты назарда.
Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1-маусым балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, қандай жағдай болмасын өздерінің елімізді, балаларымызды қорғауға дайын екендігін жеткізді.
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлаған тәртіп сақшылары оларға тәтті таратып, полиция аға апкелерінің де балаларға қуаныш сыйлай білетін жандар екендігіне көз жеткіздіріп және сол мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін оятты.
Барлық бала бақытты болуға лайықты.
Созақтық сақшылар жалғызбасты ананың балаларын қуантты
«1 маусым балаларды қорғау күні» қарсаңында, Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 5 баланы жалғыз өзі өсіріп отырған ананың үйіне барып, балаларды мерекелерімен құттықтап қайтты.
Тәртіп сақшылары тәттілерін, түрлі ойыншықтарын түгендеп, балалардың әрқайсысына табыс етті. Өз кезегінде кішкентай достар, полицей аға-әпкелеріне алғыстарын білдірді.
Айта кетсек, мұндай қайырымдылық істері полицейлер тарапынан үнемі өткізіліп, игі шара жалғасын таба бермек.
Бар мейірім балаларға .
1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері орталық саябақта жас бүлдіршіндермен кездесті.
Тәртіп сақшылары еліміз үшін бала қауіпсіздігі басты орында екенін айта келіп, сол қауіпсіздікті қамтамасыз ететін осы аға апкелер деп өздерін таныстырды.
Сонымен қатар балапандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап,ойын алаңдарында жүрген қала бүлдіршіндеріне тәтті балмұздақ үлестірді.
Бала — өмірдің мәні, еліміздің болашағы екіндігін ескерген тәртіп сақшылары сақшылары мереке қарсаңында қонжық киімдерін (аниматор) киіп мерекелерімен құттықтағаны балаларға ерекше қуаныш сезімін сыйлады.
Бүлдіршіндер полицей аға – әпкелеріне алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.