Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улауда

Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улауда

Түркістан облысы аумағында  26 маусым «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні» аясында нашақорлыққа қарсы айлық профилактикалық іс-шаралар өткізу жүзеге асырылуда. Шараның басты мақсаты – есірткісіз аймаққа ай­налуды көздейді.
Есірткімен күрес, нашақорлықтың алдын алу – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл – қауіпті кеселді аса ауыр қылмыс деп бағалауға да болады. Өйткені, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Ұлттық Құрылтайда айтылған бұл ой бәрімізді алаң­датады.
Есіркімен күрес мәсе­лесі бүгінде тек біз­дің елде ғана емес, бүкіл әлемде орын алған ғаламдық дерт­ке айналып отыр. Қиындықты ше­шудің оңай жолы көретін бұл дертпен күресу, алдын алу туралы көптеген ­шаралар атқарылып келеді. Десек те, тә­уелділіктің бұл тү­рі тоқтар емес. Сон­дықтан наша­қор­лықпен күрес толастамақ емес.
Жалпы, алғанда, есіртікі қыл­мыс­тарының алдын алу мен бол­дырмауға мемлекет қатаң шаралар қабылдауда. Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайдың жалпы отырысында мұны Президенттің өзі айтты.
«Мен бір нәрсеге баса назар ау­дарғым келеді. Бұл – нашақорлық. Бұл – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Кри­миналдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр. Қазақстан Респуб­ликасының аумағында есірткі өн­дірісі белең алып барады. Бұл – мем­лекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін мәселе. Есірткінің таралуына қарсы күрес үшін бүкіл уәкілетті органдардың күш-жігерін біріктіру керек. Әйтпесе, жағдайды ушықтырып аламыз. Қазақстан ау­мағында синтетикалық есірткі өн­діретін орындарды түбегейлі жою үшін батыл шаралар қабылдау керек. Бұл – аса маңызды міндет» деді Мемлекет басшысы.
Президенттің тапсырмасын орын­дауға Ел Үкіметі мен жергілікті ат­қарушы органдар кірісіп кетті. Енді есірткі егіп есіріп, оны қолданып жүргендерге жаза қатаң болады. Бұл жұмыстар заң үстемдігін қамтамасыз етуді басты мақсат санайтын ауылымызда да кешенді түрде жүргізіле береді.
Адамдардың психикасына тікелей әсер ете­­­­тін өсімдік тектес және синтетикалық зат­тық негізгі химиялық қосындыларының бар­лығы келешек ұрпағымыздың тамырына балта шабуда. Осындай кеселмен күресу үшін құ­­қық қорғау қызметкерлері мемлекеттік орган­дармен бірлесе отырып, нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында көп­теген іс-шараларды іске асыруда. Дегенмен қоғамымызда құқық бұзуға бейім адамдар бар екені мәлім. Сондықтан бұл дертті жеңу үшін бәріміз бірігуіміз керек.        
Көпшілікті нашақорлыққа итермелейтін көп­­­­теген факторлар бар. Бірақ одан аулақ болу керек. Себебі, біріншіден, нашақорлық ден­саулықты бұзады. Оның құрамындағы улар бар­лық ағзаға зиянды әсер етіп, жүйке жүйесін зақымдайды, өмірді қысқартады. Тағы бір қауіп – көптеген жазылмайтын аурулардың жұғуы. Осындай жағымсыз әсерлерді біле тұра оны қолданудың маңызы қандай?
Екіншіден, есірткі жақындарыңызбен қарым-қатынасты бұзады. Бала, жасөспірім немесе ересек адам заңсыз заттарды қолдана бастағанда, оның бүкіл әлемі жойылады. Дозаны сатып алуға тырысқанда нашақор кез келген әрекетті жасайды: тонайды, үйден ақша мен құнды заттарды алып кетеді, тіпті қажет нәрсені алу үшін күш қолданады. Есірткі әсеріндегі адам есінен танып қалады. Осылайша, ол жанындағы дос­тарын, туыстары мен жақындарын алыстатып алады.
Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бү­гінде дүние жүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде. Елімізде де нашақорлықпен күрес кешенді түрде жүргі­зілуде. Нашақорлық – еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның бола­шағы үшін аянбай күресуіміз керек.
Осындай кеселдің адам өмірін құртып жат­қанын түсіне отырып, барлық қоғам өкілін саламатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Жарқын болашаққа қол жеткізіп, мемлекетіміздің да­муы­на үлес қосайық. Нашақорлық дертінің  алдын алуда бірігіп күрессек қана, нәтижеге қол жет­кіземіз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*