Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: 4000-НАН АСА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

ШЫМКЕНТ: 4000-НАН АСА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері 4000-нан аса қала тұрғынына маска таратты, деп жазады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.  Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал — майоры Е.Жумаханбетовтің тапсырмасы бойынша полиция қызметкерлері демалыс күні халық жиі шоғырланатын орындарда және көлік жүргізушілеріне бетперде берді.
Тәртіп сақшылары кезекті рет игі шараның барысында тұрғындарға қауіпті індетпен күресу барысында санитарлық ережелерді ұстанып, сақтық шараларын қолға алу маңызды екендігі түсіндірілді.
Полицейлер арнайы «I love Shymkent» жазуы бар бетперделерді шаһардың негізгі көшелері мен азаматтар жиі шоғырланатын орындарда таратты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, оларға да бетперде берді. Бірлескен шара барасында полиция тарапынан  қала тұрғындарына 4000-нан астам бетперде таратылды.
Шымкент қаласы Полиция депаратаментінің қызметкерлері сақтық шараларын барша қала тұрғындарын қатаң сақтауға шақырады. Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*