4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай “Жастар орталығы” ғимаратында салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, “Amanat” партиясының Ордабасы аудандық филиалының жетекшісі
Әлиасқар Бердімұратов, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Ғалымжан Қуашбаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Бақдәулет Ташпулатов, дербес бөлімдердің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты.
Салтанатты жиын Әнұранмен басталып, Мемлекетік Ту көтеріліп, Елтаңба төрге жеткізілді. Бұдан кейін аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов сөз алып, аудан тұрғындарына мерекелік құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ еткен еңбектері еленген бірқатар азаматқа аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Мерекелік шарада аудандық мәдениет үйінің әншілері отаншылдыққа шақыратын әндер шырқады.
© Jetpisbai.kz