Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы «Төлеби баба» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай, салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиын барысында аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан халқын, тұрғындарды мерекемен құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбегімен дараланған түрлі сала мамандарына «Алғыс хат» табыс етті.
Ашық аспан аясында өткен мерекелік басқосуда тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биікке көтеріп, Әнұран шырқалды. Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әндер шырқап, – халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілерге құрмет көрсетілді.
Мемлекеттік рәміздердің күніне орай, аталған мерекенің тарихына тоқтала кетсек: 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Қазақстан халқы мерекені 24 жылдан бері атап өтіп келеді. Еліміздің мемлекеттік туын жасаумен 600 адам шұғылданып, комиссия қарауына 1200 рәміздер нұсқасы ұсынылған.
Мерекеге орай, рәміздер керуенін жолға шығарып салып, аудандық ардагелер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев ақ батасын беріп, әлемдік додаларда Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқала берсін деген тілегін жеткізді. Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борышы! Мереке құтты болсын!
© Jetpisbai.kz