Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека
Мерекелік жиынға зиялы қауым өкілдері, жастар, ардагерлер, түрлі этнос өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Алдымен, мерекелік алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік Гимні шырқалды.
Бүгінде еліміздің мемлекеттік рәміздері дүниежүзіне кеңінен танылды. Қазақ елін осы рәміздеріміз арқылы әлемдік қоғамдастық толық мойындады. Тарихқа жүгінсек, 1992 жылы 4 маусым тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Алғашқыда Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған Мемлекеттік кеңестің талқылауына Тудың – 1200, Елтаңбаның – 245, Әнұранның 750 нұсқасы ұсынылған екен.
Салтанатты шарада шымкенттік әншілер «Егемен елім», «Қазағым менің», «Көк тудың желбірегені» т.б. әндерді нәшіне келтіре орындады. Шара барысында қала өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Возможно, это изображение 2 человека и памятник
Жастарды отансүйгіш, патриот етіп тәрбиелеудің негізгі жолы – ұлттық рәміздерді насихаттау. Бұл орайда, елімізді, жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеу, патриоттық сезімін нығайту – әрбір азаматтың парызы! Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге тиіс.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*