Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІНДЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАЛЫП, ТУ КӨТЕРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІНДЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАЛЫП, ТУ КӨТЕРІЛДІ

Аудан орталығындағы “Ту тұғыры” алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған ту көтеру рәсімі өтіп, Мемлекеттік Әнұран әуелете шырқалды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 9 человек
Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков «Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірлігіміз бен егемендіктің жарқын бейнесі. Осынау елдігіміздің нышаны — рәміздерді қастерлеу бәріміздің қасиетті борышымыз. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі асқақтай берсін»,-деп тұрғындарды Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов жүрекжарды лебізін білдіріп, рәміздердің қадір-қасиетін атап өтті.
Мерекелік шараға аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, белгілі спортшылар, жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Возможно, это изображение 1 человек, помост и текст «МГМЛЕΚ ΜΛΕΚΕΤΤΙ ЕТЗДЕР ЗДЕР K»
Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздары патриоттық әндер орындап, мерекелік шара Мемлекеттік Туды желбірете ұстаған автошеруге ұласты. Автошеру Шолаққорған ауылының ішкі көшелерімен жүріп өтті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*