ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, полицей мамандығын дәріптеу мақсатында шымкентік полицейлер № 3 Ұлықбек Сулейменов атындағы және № 23 З. Космодемьянская жалпы білім беру мектептерінде, алғашқы әскери дайындық сыныбында, қылмыскерді құрықтау кезінде ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміз, Шымкент қаласы Дзерджинский ауданы бойынша Күзет бөлім батальонының милиционері, полиция старшинасы Шойынбаев Нұржан Алтайұлы мен учаскелік полиция инспекторы милиция аға лейтенанты Бөкенбаев Жолдасбек Кенжебайұлының ерліктерін дәріптеп “ Батылдық бұрышы” ашылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараның негізгі мақсаты полиция мамандығын дәріптеу арқылы полиция қызметкерлеріне деген сенім деңгейін арттыру. Сонымен қатар жас ұрпақты еңбекқорлық пен әділеттілікке үйрете отырып бойындағы патриотизм рухын ояту болып табылады.
© Jetpisbai.kz