Қоршаған ортаны қорғау баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы ретте Түлкібас ауданында 5 маусым дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен жаппай сенбілік өтуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілікке аудан әкімі аппаратының қызметкерлері бастаған дербес бөлім мен ауылдық округ, кент әкімдіктерінің мамандары мен қоғамдық негіздегі жұмысшылары, мектеп ұжымдары ат салысуда.
Акция барысында, көше бойындағы өсіп кеткен шөптер орылып, қоқыстан тазартылуда. Өсіп кетке талдар реттеліп, түптері әктеліп, ғимарат қас беттері сырлануда.
Тазалық жұмыстарына техникалар жұмылдырылып, жиналған қоқыс және шабылған ағаш пен шөптер арнайы орындарға тасымалдануда.
© Jetpisbai.kz