Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ҚОСЫМША КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ҚОСЫМША КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жұмыстарын жүргізу келісілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Зиянкестермен қосымша күрес күшейтіліп, қажетті техника жұмылдырылды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларының басын қосып, нақты тапсырмалар берді. Зиянкестерге қарсы қосымша күрес жұмыстарын қысқа уақытта аяқтауды, жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырды.
Бүгінде Түркістан облысы Арыс ауданы Қожатоғай ауылдық округінде шегіртке тектестердің ұшуы орын алды. Ауылшаруашылық дақылдарының зақымдануы орын алған жоқ.
Тиісті жұмыстың ерте басталып, дер кезінде жүргізілуінен ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындарға жол берілмеді. Биыл шегірткенің таралуы ауа райының салқын, жаңбырлы, желді болуына байланысты бір айға созылды. Залалсыздандырудан аман қалған шағын көлемінің қанаттанып, үйірленуі байқалуда. Сондықтан қосымша өңдеу жүргізілуде.
Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы күрес «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» болжамымен 260 мың гектардан астам алқапқа жүргізілді. Марокко шегірткесінің дернәсілдері бойынша жалпы аумағы 715,18 мың га алқап талық зерттелген. Химиялық өңдеу жұмыстары нақты республикалық болжам орталығы анықтаған алқаптарда атқарылды. Мамандар шегірткенің таралу ошағы жойылғанын мәлімдеген.
Облыста жалпы өңдеу жұмыстары сәуір айының басында басталып, химиялық өңдеу жұмыстарына 100 дана жер үсті техникалары және 6 дана ұшақ жұмылдырылды.
Возможно, это изображение трава
Фитосанитариялық шаралардың жүргізілуіне 40 инспектор, өзге облыстардан 3 маман, болжам орталығынан 79 маман және аудан, қала әкімдіктерінен қосымша 245 анықтаушы қатысты.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*