Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза және Жылға ауылдық округтеріндегі ауыл аумағында дала өрттерінің алдын алу және сөндіру үшін елді мекендерге арналған өрт сөндіру бекеттерінің жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нет описания фото.
Өрт сөндіру бекеттерінің жұмыстарымен танысу барысында төтенше жағдайға тосқауыл қою бойынша өрт кезіндегі оқу-жаттығу өткізіліп, іс-қимыл көрсетілді. Оқу-жаттығуға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылды.
Аудан басшысы елді мекендерде төтенше жағдайларды алдын алу бағытында нақты шараларды жүзеге асыру керектігін атап, сала қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.Аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты нақты жұмыстар атқарылуда.
Возможно, это изображение 5 человек
Айта кетсек, Дарбаза ауылдық округіндегі өрт сөндіру бекетінде 4 маман жұмыс істейді және 2 арнайы техникасымен қамтылған. Жылға елді мекенінде №33 өрт сөндіру бекеті орналасқан. Өрт сөндіру бекеттінде арнайы 2 техника және 18 маман қызмет етеді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*