Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыруға шақырамыз, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықты қаржылық сауаттылыққа оқыту 2024 жылдың 10-14 маусым аралығында Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өткізіледі.
Халықты қаржылық сауаттылыққа оқыту 2024 жылдың 10-14 маусым аралығында Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өткізіледі.
Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджет жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, қаржылай тәуелсіз болуды, депозиттер мен қаржылық жоспар құруды үйренесіз.
Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында заңгердің көмегін алу мүмкіндігі бар. Оқыту толығымен тегін.
Айта кетейік, аталған жоба алдағы айларда басқа да ауылдық округтерде қамтылады. Нақты күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады.
© Jetpisbai.kz