Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында «Ұлттық рух – ұлт азығы» тақырыбында аға буын ардагерлер мен жеке құрамның кездесуі өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Қазақстан Ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл және республикамыздың барлық өңірлерінің Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағалары келді.
Кездесудің негізгі мақсаты — полиция қызметкерлерін қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, заңдылық пен моральдық-психологиялық тұрақтылыққа тәрбиелеу.
Жиын барысында Б.Смағұл бастаған өмір тәжірибесі мол ардагерлеріміз сөз сөйлеп, жас мамандарды Отанға берген антына адал болуға шақырды. Ел қорғау бағытындағы қызметтерін қолдайтындықтарын жеткізіп, сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Айтпаевқа, Түркістан облысы ІІО мен ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаевқа «Батыр шапағаты» төсбелгісі табыс етілсе, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлерге грамота берілді.
© Jetpisbai.kz