Aудан әкімі Арман Абдуллаев медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткізіліп жатқан медицина қызметкерлерінің арасында спартакиаданың ашылуына қатысты. Аудан басшысы ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесімен құттықтап,іс-шараны ашық деп жариялады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Құрметті медицина саласының қызметкерлері келе жатқан мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! «Бірінші байлық – денсаулық», деп дана халқымыздың сөзі бекер айтылмаған. Ауырсақ тәнімізді емдеп, жанымызға дем беретін дәрігерлер қауымы қашанда құрмет тұтуға лайықты жандар. Халықтың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басты бағыты деп білеміз.Осы орайда, денсаулықпен спорт егіз ұғым, бүгінгі жарыста баршаңызға сәттілік тілеймін,- деді аудан әкімі.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Мырзалиев әріптестеріне еңбек ету жолдарына табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына бақыт тіледі.
Спартакиада Сарыағаш қаласы, «Арыстан баб колледжінің» спорт алаңында , волейбол, футбол арқан тарту, үстел теннисінен жарсықа түсуде. Аталған іс-шараға ауданның денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлері қатыстуда. Дүбірлі дода күні бойы жалғасатын болады.
© Jetpisbai.kz