Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНДЫ ТАПҚАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ

ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНДЫ ТАПҚАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ

⚜️Сарыағаш қаласының тұрғыны Сауран аудандық полиция бөлімінің басшылығына жоғалған телефонды қайтарып берген полицейдің көрсеткен көмегі мен жауапкершілігі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
▫️Мәселен, Сауран ауданының учаскелік инспекторы Тойсұлу Нартай қала көшелерінің бірінен жоғалған ұялы телефонды табады.
‍♂️Полиция қызметкері ұялы телефон иесін анықтау үшін тез арада жедел шараларды атқарды. Дер кезінде қабылданған қажетті шаралардан кейін тәртіп сақшысы жоғалған смартфонның иесін анықтап, оған гаджетті тапсырды.
«Менің ұялы телефонымды тапқан учаскелік полиция инспекторы Тойсұлу Нартайға шын жүректен ризашылығымды білдіріп, жұмысына сәттілік тілеймін. Көп рахмет!»- деді жергілікті тұрғын.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*